Сарыағаш ауданының N63 жалпы білім беретін мектебінде 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ,,Ал кәнекей , жігіттер!”тақырыбында 7-сыныптар арасында Полатбеков Бақтияр ағай ағаш қолөнері бойынша сайыс сабағын өткізді.
Оқушылардың еңбек ету, құрал-жабдықпен дұрыс жұмыс істеу дағдылары дамытылып,ұл балалар арасында ұйымшылдық, бәсекелестік, жауапкершілік пен тәртіп қалыптастырылды.Ер бала болмысына тән ептілік, төзімділік, шеберлік сынды қасиеттері дамытылды.
Сарыағаш ауданының N63 жалпы білім беретін мектебінде 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ,,Бейбіт күн жасасын әлемде “тақырыбында 8-сыныптар мен ұстаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама өтілді.
Оқушыларды бейбітшілікке, бірлікке, ел тыныштығын қадірлеуге және олардың өнерлері көпшілікке паш етілді.
Оқушыларға бейбіт өмірдің құндылығы ұғындырылып,өнер арқылы оқушылардың патриоттық рухын, отансүйгіштік қасиеті қалыптастырылды.
Жауапты: МуратоваЖазира,Рахматулла Мөлдір.
Сарыағаш ауданының N63 жалпы білім беретін мектебінде 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ,,Отан үшін от кешкендер” тақырыбында 1-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтілді .
Оқушыларға Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы мағлұмат беріліп,олардың ерлігі үлгі етілді. Тарихи оқиғаларға құрметпен қарауға, Отан үшін жанын қиған батырлардың рухына тағзым етуге тәрбиеленді.Оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігі арттырылып , патриоттық рух қалыптастырылды.
Сарыағаш ауданының N63 жалпы білім беретін мектебінде ,,Ұлттар достығы ел тірегі”тақырыбында 5-10 сыныптар аралығында тәрбие сабақтары өтілді.
Оқушыларға бейбітшілік,бірлік достық ұғымдарының маңызы түсіндірілді. Өзге ұлттың мәдениетіне құрметпен қарап,сыйластыққа тәрбиеленді.Патриоттық сана қалыптастырылып,Отанға деген сүйіспеншіліктері арттарылды.
«№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ
💬 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда айтқан сөзінен үзінді
Возможно, это изображение текст «" жЛттыК КУРЫЛТАЙ <<Тарбиесиз берилген 6.π.м адамзаттын кас жауы>>. Сондыктан бил.ммен катар тарбиеге айрыкша назар аудару эте манызды. Былтыр мектептерде <Биртутас тарбие" баедарламасы колеа алынды. Баедарламаны кабылдау İCTiH басы . Ендί жанарган кужатты елимизд. барлык мемлекетт.к 6.π.м ошаеына енгиз керек. Оны алдаеы уакытта жекеменш.к мектептер де басшылыкка алуга тийс. Себеби тарбие жумысы балаларды тугел камтуы кажет. Сонда н бул бастама жалпыулттык аукыма ие болады. Касым-Жомарт Касым- Токаев КР РПрезидент., Улттык курылтайдын Таасы "»
Сарыағаш ауданына қарасты И°63 жалпы білім беретін мектебінде «Жас маман-болашаққа бас қадам» тақырыбында өтілген онкүндігінің жабылуы салтанатты түрде өтілді. Мектеп директорының орынбасары Б.Дүйсенова онкүндікте өтілген іс-шараларға талдау жасады. Жас мамандар онкүндіктің өтілу барысында бір-бірінің сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтағанын айтты.Онкүндік жұмысы өз дәрежесінде өтілді.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты N63 жалпы білім беретін мектепте 1мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «»Бірлік ел тұтастығының кепілі » атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Халықтар арасындағы берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Әрі бұл күн Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі.Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады.
Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір — біріне деген сый құрметін арттырып татулықты, бірлікті ортақ құндылықтарды насхаттау.
🔰Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты «№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынамыз:
✅ЕРЕЖЕ:
📍 Сыйлық немесе ақшалай алғыс айту тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
📍Іс-шара кезінде оқушылардың рұқсатсыз мектептен шығуына қатаң тыйым салынады.
📍Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болады.
📍Іс-шара барысында артық дыбысты музыка, фейерверк, хлопушка, дрон қолдануға болмайды.
📍Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
📍Мектепке шақырылған қонақтар немесе ардагерлер болса, әдеп пен құрмет сақтау – міндетті талап.
📍Барлық ата-аналар мектеп әкімшілігі бекіткен уақыт пен сценарийге сәйкес әрекет етуі тиіс.
📍Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
📍Жекелеген оқушыларды бөліп-жаруға, материалдық жағдайға байланысты кемсітуге жол берілмейді.
📍Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.
🙅‍♂️ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔸 4 және 9- 11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;
🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;
🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;
🔸 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;
🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету;
🔸 Оқушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жеке бастама шараларын өткізу;
🔸 Мектеп ғимараты мен мүлкін пайдалануда рұқсатсыз әрекет жасау;
🔸 Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату;
🔸 Мектептің ішкі тәртібін бұзатын әрекеттерге итермелеу.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
✔️ Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;
✔️ Қатысушылар мектеп формасын немесе салтанатты киім киюі тиіс;
✔️ Іс-шара кезінде оқушыларға қауіпсіздік техникасы мен тәртіп сақтау талаптары түсіндіріледі;
✔️ Педагогикалық әдепті сақтау – әрбір ата-ана мен мұғалімнің міндеті;
✔️ Іс-шаралар тек мектеп аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі;
✔️ Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік қарастырылады – әділеттілік пен ашықтық қағидаты басты назарда;
✔️ Ата-аналар мен ұстаздар арасында ынтымақтастық пен түсіністік сақталуы тиіс;
✔️ Шара барысында фото/видео түсіру мектеп әкімшілігінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік мәні бар, мазмұнды және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.
📌 Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген, жағымды орта қалыптастырамыз.
№63жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры: Орманова Гулмира Жаппарқызы.
Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынбыз!
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Сарыағаш ауданына қарасты И°63 жалпы білім беретін мектебінде директор орынбасары Б.Дүйсенованың ұйымдастыруымен «Жас маман-болашаққа бас қадам» тақырыбында онкүндік өткізілді. Мақсаты: жас мамандардың сабақ беру әдіс-тәсілдерін байқау және әдістемелік көмек көрсету. Онкүндіктің ашылуында мектеп директоры Г.Орманова сөз сөйледі, жас мамандарға сәттілік тіледі.Директор орынбасары Б.Дүйсенова онкүндіктің іс-шара жоспарымен таныстырды. Мектеп дефектологі А.Қасымқан педагогтермен көңілді қызықты тапқырлар ойынын өткізіп, жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырды. Мектеп психологі А Тулепбергенова тренинг өткізді.
🌿ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
⚜️Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты «№63 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 3 мамыр күні сенбілік өткізді.
Сенбілікте мектеп ғимаратының ауласын сыпырып,тазалап , ақталмай қалған,қалған жерлерді ақтап шықты. Акцияға барлығы белсене қатысты.
Түркістан облысы
Сарыағаш ауданы
Дарбаза ауылы
«N63 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мектеп педагог-психологі А. Тулепбергенова
9 сынып оқушыларымен психологиялық өзіндік реттелу дағдыларын, стрестік жағдайдағы адекватты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзінің күшіне сену қабілеттерін дамыту, эмоционалды жағымды қатынастар орнату мақсатында түзету-дамыту, сауықтыру, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар мамандық таңдауға дайындық жұмыстары жүргізілді
Түркістан облысы
Сарыағаш ауданы
Дарбаза ауылы
«N63 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен мектеп педагог-психологі А.Тулепбергенова агрессиядан арылу, тыныштандыру мақсатында «Ашу-ыза билегенде не істеу керек?» тақырыбында психологиялық сабақ өтті.
#Оқуғакұштармектеп. #Балаларкітапханасы. #23сәуірҰлттыккітапкүні. #Кітапапталығы. #Ертегіоқыпөсеміз. #Балакөзімен. #Детскийвзгляд. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты «#63 жалпы білім беретін мектеп» КММ 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Оқы.Таны.Шабыттан» тақырыбындағы кітап апталығының жоспарына сәйкес қазақ халқының ертегілері арқылы оқушыларды мейірімділікке , достыққа, әділдікке тәрбиелеу, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сахналық мәдениетті меңгерту мақсатында 3,4 сыныптармен 24.04.2025ж күні «Ертегі оқып өсеміз» атты оқыған ертегілер желісімен сахналық қойылым сайысы өткізілді.
Сарыағаш ауданына қарасты И°63 жалпы білім беретін мектебінде «Жас маман-болашаққа бас қадам» тақырыбында өтілген онкүндігінің жабылуы салтанатты түрде өтілді. Мектеп директорының орынбасары Б.Дүйсенова онкүндікте өтілген іс-шараларға талдау жасады. Жас мамандар онкүндіктің өтілу барысында бір-бірінің сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтағанын айтты.Онкүндік жұмысы өз дәрежесінде өтілді.
Түркістан облысы
Сарыағаш ауданы
Дарбаза ауылы

«N63жалпы білім беретін мектеп» КММ …